Қазақ Русский English
 
 



 

“Акмолатурист” АҚ

Қымбатты достар!

Сіздердің қолыңызда «Ақмолатурист» акционерлік қоғамы ұжымының сан-қырлы кызметін, оның ішінде туризмді жетілдірудегі әрекеттерінен толық мәлімет беретін ақпараттар топтамасы.

Сіздер осы топтамамен қызығушылықпен танысып және мұкият көңіл аударарсыздар деп сенеміз.

Міндетті түрде жылдың кез келген мезгілінде осы акпараттық топтаманы пайдалана отырып байланысуларыңызға мүмкіндіктеріңіз бар.

Ұжымдағы қалыптаскан тұрақтылықтың арқасында, кәсіби шыңдалған кызметкерлер, материалдык-техникалық базасы толық жабдықталған қоғамның бүгінгі бейнесі, сіздерге беріп отырған осы мәліметтердің шынайылығын мәлімдейді.

Жылдар өтіп фирманың аты бірненше рет өзгерді, бірақ маңызы мен мақсаты өзгерген жоқ, қайта жаңа жобалар енгізіліп шындала түсті.

Экскурсиялық қызмет көрсету барысында біз туристерді колайлы жабдықталған 3-жұлдызды «Абай» қонақ үйінде қабылдап, 50-орындық шетелдік автобустармен экскурсияларды үш тілде кала ішіне, және қала сыртына жүргіземіз.

Казақстанның барлық шипажайларымен демалыс орындарына жолдамаларды шипажайлардың бағасымен таратамыз, демалыс күндері Бурабай аймағындағы демалыс орындарына Корғалжын мемлекеттік қорығына маршруттарға тапсырыс аламыз.

Біздің ұжым зағиптықпен мұктаждықтан қасірет шеккендерге әрқашанда қайырымдылық көмек көрсету мақсатында, жаңа астанамызда өткен акцияларға қатысып кала әкімшілігі мен Мемлекеттік деңгейде алғыс хаттарға ие болып отырады.

Көптеген жылдар бойы жинаған тәжрибемізбен, жүйелендірілген жоғарғы кәсіптіқ деңгейімізбен, сіздерге қызмет көрсетуге дайынбыз.

«Ақмолатурист» акционерлік қоғамына ХОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

 
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Республика данғылы, 33, тел.: +7 (7172) 33 01 00, 31 02 02, факс: 33 02 09